Құрметті пациенттер!
Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесіндегі халық денсаулығы туралы» Кодексінің 58- бабына сәйкес, Ырғыз аудандық ауруханасында денсаулық сақтау жүйесіндегі науқастарды қолдау және қиын өмірлік жағдайларда көмек көрсету ұстанымдарына негізделген, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ және ІШКІ САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ жұмыс істейді.
Сіздер үшін ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ және ІШКІ САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ жұмыс істейді:
өтінішіңіз болса және медициналық ұйымның қызметі бойынша түсініктеме қажет болса;
медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты туындаған мәселелер бойынша қолдау қажет болса;
медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін қаражатты бопсалау фактісіне тап болсаңыз;
Сіздің медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштеріңіз болса, біздің қызмет сізге көмектеседі!
Қызметтің мақсаты – пациенттерді қолдау,
кепілдендірілген көлем тізімінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру!
ІШКІ БАСҚАРУДАҒЫ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді көрсету ұстанымдарын түсіндіреді;
даулы жағдайлар кезінде медиатор қызметін атқарады;
қиын өмірлік жағдайдан «шығу жолын» табуға көмектеседі.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ:
кәсіби және жылдам жұмыс істейді, объективті және ашық түрде сіздің өтінішіңізді жазбаша да, ауызша да, сізге ыңғайлы түрде қарайды: www. irgiz-crb.kz сайтында, кіре берістегі өтініштер жәшігінде, пациенттерді қолдау қызметінің басшысы тікелей қабылдайды. Өтініштер өтініш берушінің – науқастың немесе туысының байланыс деректері бойынша мәселені шешу туралы мәліметтерді ұсына отырып, күнтізбелік 5 күн ішінде қаралады.
Сондай-ақ, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің денгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін туындаған мәселелерді аныктау мақсатында респонденттің анонимділігін сақтайтын пациент сауалнамасы қолданылады.
Сіздің ашықтығыңыз бен кері байланыс үшін алғыс айтамыз!